Қиын жағдайға тап болған 3 мыңнан астам әйел дағдарыс орталығына жіберілді – ІІМ
«Биыл түрлі қиын жағдайда тап болған 3 мыңнан астам әйел дағдарыс орталығына жіберілді. Жалпы, орталық қызметін алғысы келген азаматшалар өз бетінше немесе тәртіп сақшылары арқылы жүгіне алады. Дағдарыс орталығы отбасылық зорлық-зомбылық көрген немесе өмірде түрлі қиындықтарға ұшыраған әйелдерге қол ұшын созуға дайын», - деді А. Милюк ІІМ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, бүгінде елімізде 49 дағдарыс орталығы жұмыс істеп тұр, оның 39-ның уақытша баспанасы бар.
«Ел аумағындағы барлық дағдарыс орталықтарының тізімі мен байланыс телефондарын министрліктің және өңірлердегі полиция департаменттерінің ресми сайтынан табуға болады», - дейді ол.
Бұған дейін ІІМ өкілі елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жауапкершіліктің күшейе түсетінін айтқан болатын.