Қыз зорлап, 13 жыл жасырынып жүрген күдікті Қырғызстаннан экстрадицияланды

АСТАНА. KAZINFORM — Бас прокуратураның қызметкерлері Қырғыз Республикасынан топтық зорлау үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын экстрадициялады. 

13 жыл жасырынған күдікті Қырғызстаннан экстрадицияланды
Фото: Павлодар облысының соты

— Күдікті 2012 жылы Жамбыл облысында басқа алты адаммен бірге жиынға екі қызды шақырып, олардың сусындарына клофелин араластыру арқылы дәрменсіз күйге келтіріп, еркінен тыс жыныстық қатынасқа түскен. Қылмысқа қатысушылар әртүрлі жаза мерзімдеріне сотталған, ал күдікті жасырынып, 13 жыл іздеуде болған, — делінген Бас прокуратура хабарламасында. 

Ағымдағы жылдың сәуірінде ол Бішкек қаласында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. 

Айта кетелік халықаралық іздеуде болған қазақстандық Мысырда ұсталған еді

Соңғы жаңалықтар