Қыздардың анкетасын сайтқа орналастырған: ШҚО-да жеңгетай притон ұйымдастырған
ШҚО-да притон ұйымдастырған жеңгетай ұсталды, деп хабарлайды Кazinform Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Жедел-іздестіру іс шаралары барысында полицейлер жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастырды және оған басшылық етті деген күдікпен Өскемен қаласының 41 жастағы тұрғынын ұстады», - делінген полиция мәліметінде.
Жеңгетай тыйым салынған сайтта ер адамдарға жыныстық сипаттағы қызметтер көрсететін қыздардың анкеталарын орналастырған. Тапсырыс бойынша барлық қоңырауды өзі қабылдап, клиенттерді жалдамалы пәтерлердегі бос қыздарға жіберіп отырған.
«Қыздар әр мәміледен түскен ақшаның 50% беріп келген. ШҚО Полиция департаменті ҚР ҚК-нің 309-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады», - деп толықтырды полициядан.