Қызылорда қаласында жол-көлік оқиғасынан 3 адам қаза тапты
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда қаласында жол-көлік оқиғасынан 3 адам қаза тауып, 1 адам жарақат алды.

9 ақпанда сағат 18:55 шамасында «ВАЗ» және «КаМАЗ» маркалы автокөліктер соқтығысып, жол-көлік оқиғасы тіркелген.
«Бұл жөнінде Қызылорда қаласы Полиция басқармасының жедел 102 арнасына хабарлама келіп түсті. Оқиға салдарынан үш адам оқиға орнында қаза тауып, бір адам ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша тергеу жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Ердәулет Жаукеев.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында қарыз алған танысын пышақтап өлтірген тұрғын сотталды.
Ол 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушы берешек ақшаны қайтарып алу үшін 2024 жылдың тамыз айында Қызылорда қаласынан Сексеуіл кентіне барған.