Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және облыс әкімінің өкімімен Жаналинов Данияр Еренғалиұлы Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform.
Д. Жаналинов 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ көлік және коммуникация академиясын «Инженер-экономист» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы Алматы облысы Талдықорған қаласы бойынша салық комитетінің салық инспекторы болып бастаған.
2002-2010 жылдары Алматы облысы бойынша салық комитетінде салық инспекторы, жетекші, бас салық инспекторы, бөлім басшысы және департамент бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.
2010-2014 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің басқарма басшысы, 2014-2018 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, 2018-2021 жылдары Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болған.
2021-2022 жылдары ҚР Қаржы вице-министрі. 2022 жылдың тамыз айынан бастап ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы, 2023 жылдың қыркүйек айынан бері облыс әкімінің орынбасары қызметтерін атқарып келді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда қаласының әкімі тағайындалды.