Қызылорда облысы Қазалы ауданының әкімі тағайындалды
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - ҚР Президенті Әкімшілігі, Қазалы аудандық мәслихатының келісімі және облыс әкімінің өкімімен Қазалы ауданының әкімі лауазымына Шермағанбет Мейрамбек Зинабдинұлы тағайындалды.
М. Шермағанбет 1972 жылы Жаңақорған ауданында дүниеге келген.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Тарих», «Экономика», Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген, педагогика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 1994 жылы Жаңақорған ауданындағы №239 мектептің тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2001-2016 жылдары Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының басшысы, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары, облыстық білім беру, тілдерді дамыту жөніндегі басқармалардың басшысы, Қызылорда облысы бойынша білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы жауапты қызметтерін абыроймен атқарған.
2016-2021 жылдары Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімі, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болды.
2022-2023 жылдары Қызылорда облысының білім басқармасының басшысы, 2023 жылдың шілде айынан бастап Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысы әкімінің орынбасары тағайындалды.