Қызылорда облысы Жалағаш ауданының әкімі тағайындалды

Қызылорда облысы Жалағаш ауданының әкімі тағайындалды, деп хабарлайды Кazinform.

жалағаш ауданының әкімі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

ҚР Президенті Әкімшілігінің, Жалағаш аудандық мәслихатының келісімі және облыс әкімінің өкімімен аталған қызметке Ибраимов Ардақ Әбдіғаппарұлы келді.

Ардақ Әбдіғаппарұлы 1986 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Мұнай мен газ кен орындарын игеру», «Болашақ» университетін «Құқықтану», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», Қызылорда гуманитарлық университетін «Қаржы» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы «Казгермұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде инженердің көмекшісі болып бастаған. Әр жылдары мұнай және құрылыс компанияларында қарапайым жұмысшыдан басшылық лауазымдарда қызметте болған.

2019-2020 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы, Қызылорда қаласы әкімінің кеңесшісі болып еңбек етті. 

2020-2022 жылдары Қызылорда қаласына қарасты Белкөл кентінің әкімі, 2022-2023 жылдары Қызылорда облысы әкімдігі іс басқармасының директоры болды.

2023 жылдың ақпан айынан бастап Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Бүгін сондай-ақ Қызылорда облысы Білім басқармасының басшысы тағайындалған болатын. 

Соңғы жаңалықтар