Қызылорда облысына инвестиция тарту жоспары орындалды ма

АСТАНА. KAZINFORM – Қызылорда облысына инвестиция тарту жоспары артығымен орындалды. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Уәде» бағдарламасында аталған өңірдің әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мәлім етті.

Қызылорда облысына инвестиция тарту жоспары орындалды ма
Фото: freepik

– 2021 жылдың қорытындысы бойынша өңірге 308 млрд теңге инвестиция тартылып, сол кезде жоспар 64 пайызға ғана орындалған. Негізі, осы жылға жоспар 676 млрд теңге болған еді. Дегенмен, биылға 720 млрд теңге инвестиция тартылып жатыр. Мұны өте жақсы көрсеткіш деп санаймын. Бұл бағыттағы жұмысты күшейтіп жатырмыз, - деді Н. Нәлібаев. 

Қызылорда облысына инвестиция тарту жоспары орындалды ма
Фото: Дияр Бексұлтанов

Сонымен қатар ол 2022 жылдың күзінде іске қосылған шыны зауытының жұмысына да тоқталды. 

– Осы зауыттың жанынан басқа да жаңа жобалар жүзеге асып жатыр. 60 млрд теңгеге шыны бөтелкелер шығаратын зауыттың құрылысын келер жылы бастаймыз. Бұл жоба өңірдің дамуына ықпал етеді. Бұдан бөлек, шыны зауытының жұмысын ұйымдастырып отырған компания алдағы екі жылда 27 млрд теңгеге жаңа жобаны жүзеге асырады, - деді өңір әкімі. 

Оның сөзіне қарағанда, жалпы шыны зауытының айналасында 8 кәсіпорын салу жоспарланған. 

Бұған дейін Қызылордадағы шыны зауытының жұмысы туралы жазған едік.  

Соңғы жаңалықтар