Қызылорда облысында 100-ден астам көлік жол бойында қалып қойған

жолда тұрып қалды
Фото: Қызылорда облысы ПД

Қызылорда облысында патрульдік полицейлер үш күн ішінде жол бойында қалған 100-ден астам автокөлікке көмек көрсетті. Олардың қатарында Ресейден Шымкент қаласына бет алған автоус ішінде қалып қойған өзбекстандық 62 азамат бар, деп хабарлайды Kazinform.

Қызылорда облысы аумағында қолайсыз ауа райы сақталып тұр.

жолда қалды
Фото: Қызылорда облысы ПД

Осыған байланысты және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция қызметкерлері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. 

жолда қалды
Фото: Қызылорда облысы ПД

Оқыс оқиғалардың алдын алу бағытында нәтижелі жұмыс жасалды.

жолда қалды
Фото: Қызылорда облысы ПД

«Халықаралық „Самара-Шымкент“ тасжолының Қызылорда облысы Қазалы ауданының тұсындағы 1476-790 шақырымында Ресейдің Пермь қаласынан Шымкентке бағыт алған „Van Hool“ маркалы автобусының жанармайы қатып, үскірік аязда жол бойында қалған. Полиция қызметкерлері автобустағы Өзбекстан 62 азаматына жедел көмек көрсетіп, автокөлік қайта жолға шықты. Патрульдік полицейлер үш күн ішінде жол бойында қалған 100-ден астам автокөлікке көмекке келді. Ауа райының тұрақсыздығына байланысты жол қозғалысы қатысушыларына өте мұқият болуын және шұғыл қызметтердің ескерту хабарламасына назар аударуын сұраймыз», — деп мәлім етті Қызылорда облысы полиция департаментінен.

жолда қалды
Фото: Қызылорда облысы ПД

Полиция қызметкерлері көктайғақ кезінде жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтап, күрделі маневр жасамай, көлік құралдары арасындағы қашықтықты сақтау қажет кендігін ескертеді.

жолда қалды
Фото: Қызылорда облысы ПД

«Көктайғақ күндері қауіп жаяу жүргіншілерге де, жүргізушілерге де төнеді. Сол себепті жолда абай болып, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаған жөн», — дейді мамандар.

жолда қалды
Фото: Қызылорда облысы ПД

Еске салсақ, Қызылорда облысында күннің суытуына байланысты 13-15 желтоқсан аралығында оқушылар мен студенттерге сабақ онлайн өткізіледі.

жолда қалды
Фото: Қызылорда облысы ПД

 

Соңғы жаңалықтар
telegram