Қызылорда облысында 1011 жас азамат алғаш рет сайлауға қатысады
Сырдария ауданының жас тұрғыны Елжан Төребекұлы алғаш рет сайлауға қатысып, аудан әкімі сайлауында өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Kazinform.
Қызылорда облысында бүгін Сырдария және Шиелі аудандары әкімінің сайлауы өтіп жатыр. Белсенділік танытқан тұрғындар таңнан бері учаскелерге келіп, өз таңдауын жасауда. Олардың қатарында сырдариялық Елжан Төребекұлы бар.
«Алғаш рет дауыс беруге келіп тұрмын. Аудан дамуына қызмет ететін, жастарға жанашыр, бастамамызды қолдайтын адамға қолдау білдірдім», - деді ол.
Екі ауданда 1011 жас азамат алғаш рет дауыс беру бойынша дауыс беру құқығына ие.
Айта кетейік, екі ауданда 58 сайлау учаскесі құрылған. Мұнда барлығы 388 комиссия мүшесі қызмет атқарады.
Сайлау комиссияларының мәліметі бойынша, 2 ауданда 1011 азамат алғаш рет дауыс беруге қатысады. Оның 694-ы Шиелі, 317-і Сырдария ауданында тұрады. Сондай-ақ пилоттық сайлау өтетін аудандарда 5 қараша күні 18 жасқа толатын 5 азамат бар.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында 102 жастағы майдангер аудан әкімі сайлауында таңдау жасады.