Байқоңырда 52 млн теңге жымқырған бас есепші 7 жылға сотталды

АСТАНА. KAZINFORM — Қызылорда облысы Байқоңыр қаласының прокуратурасы білім беру ұйымдарының 2022-2024 жыл аралығында бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығына жүргізілген талдау нәтижесінен кейін мемлекет бюджетін жымқыру фактісін анықтады.

деньги, ақша, тенге, банк
Фото: pexels

— Орта білім беру ұйымының бас есепшісі бірнеше мұғалімдердің есеп шоттарына артық жалақы аударып, аударылған артық қаражаттарды өзінің жеке есепшотына қайта аудару арқылы жымқырған. Салдарынан мемлекеттік бюджетке 52 млн теңге залал келтірілген, — делінген прокуратура хабарламасында.

Аталған факті бойынша Байқоңыр қаласы прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп, істі сотқа жолдады.

Сот үкімімен мектептің бас есепшісі кінәлі деп танылып, 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты Қылмыстық кодекстің 74-бабына сәйкес жаза өтеу мерзімі 5 жылға кейінге қалдырылды. 

Айта кетелік шетелге оқуға жібереміз деген желеумен 152 млн теңге жымқырған орталық басшысы сотталған еді

Соңғы жаңалықтар