Қызылорда облысында 8 жаңа дәрігерлік амбулатория салынды

АСТАНА. KAZINFORM – «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының шеңберінде Қызылорда облысында 8 жаңа дәрігерлік амбулатория салынды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

амбулатория
Фото: видеодан алынған скрин

Атап айтқанда, Шиелі аудандық көпбейінді ауруханасының жанындағы Бала би, Досбол би, Қарғалы, Ортақшыл, Алмалы, Тәжібаев, Тартоғай және Бестам елді мекендерінде бұрын жұмыс істеп тұрған дәрігерлік амбулаториялар тозған және апатты деп танылды.

емдеу
Фото: видеодан алынған скрин

Соңғы екі жылда олардың орнында жергілікті тұрғындарды қабылдайтын заманауи жабдықтармен жабдықталған жаңа нысандар салынды. 

Жаңа амбулаторияларда:
➤ жабдықтары бар физиотерапия кабинеттері
➤ емдік дене шынықтыру кабинеттері,
➤ дәріхана және дәрі-дәрмек қоймасы,
➤ акушерлік, химизатор кабинеттері, сүзгі кабинеті, тіркеу бөлімі көзделген.

1974 жылы «асар» әдісімен салынған және апатты деп танылған аудандық аурухананың инфекциялық аурулар бөлімшесі толығымен 2025 жылдың тамызында пайдалануға берілген 30 төсектік жаңа ғимаратпен ауыстырылды. Бөлімше тәулік бойы жұмыс істейді және инфекцияларды ерте анықтауға, оқшаулауға және емдеуге толық дайын. 

аурухана
Фото: видеодан алынған скрин

Бұл жобалардың барлығы медициналық қызметтердің сапасын арттыруға және Шиелі ауданының тұрғындары үшін қолжетімді және заманауи медициналық көмекті қамтамасыз етуге бағытталған.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум