Қызылорда облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Kazinform.
Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті барлық мекемелер мен маңызды автожолдар қатаң бақылауға алғанын жариялады. Департаменттің күш-құралдары күшейтілген режимде жұмыс атқаруда.
Қызылорда облысы бойынша 12 желтоқсанға ауа райы болжамы төмендегіше болып отыр:
Аралда жауын-шашынсыз, күндіз -15...-20, түнде -24...-29.
Қазалыда жауын-шашынсыз, күндіз -15...-20, түнде -23...-28.
Қармақшыда жауын-шашынсыз, күндіз -15...-20, түнде -22...-27.
Жалағашта жауын-шашынсыз, күндіз -15...-20, түнде -21...-26.
Сырдарияда жауын-шашынсыз, күндіз -14..-19, түнде -20...-25.
Шиеліде жауын-шашынсыз, күндіз -12...-17, түнде -20...-25.
Жаңақорғанда күндіз -10...-15, түнде -20...-25.
Еске салсақ, 12 желтоқсанда еліміздің 7 қаласы мен 3 облысында сабақ онлайн өтеді.