Қызылорда облысында ауа райының қолайсыздығынан көлік қозғалысы шектелді

Қызылорда облысында «Самара-Шымкент» тас жолының бірқатар бөлігінде ауа-райының нашарлауына байланысты барлық көліктің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Kazinform.

Қызылорда
Фото: Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

Соңғы тәулікте Қызылорда облысында ауа-райы нашарлап тұр. Жаңбыр, қар ауа температурасының төмендеуі байқалды. 

«13 қаңтарда елорда уақытымен 1.30-дан бастап «ҚазАвтоЖол» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1 474-1 939 шақырым аралығына көліктің барлық қозғалысына шектеу қоюға шешім қабылдады. Ол Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентінен Қызылорда қаласына дейінгі аралықты қамтиды. Ал таңғы 4.40-тан бастап мұндай шектеу Шиелі кентінен Қызылорда қаласына дейінгі аралықтан алынып тасталды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

Соңғы жаңалықтар