Қызылорда облысында ауызсу қызметінің тарифі өзгерді

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылорда облыстық мәслихатының шешіміне сәйкес 2026 жылғы 1 сәуірден бастап аймақ халқы үшін ауызсу қызметінің тарифі өзгерді. 

в
Фото: pexels

Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметіне сүйенсек, үй-жайында су есептегіш бар тұтынушылар үшін 1 текше метр судың бағасы 30 теңгеден 70 теңгеге дейін көтерілді. Ал арнайы құрылғы орнатпаған тұтынушылар 1 текше метр су үшін 40 теңгенің орнына 120 теңге төлейді. 

— Бүгінде тарифтің өсуіне байланысты Жаңақорған және Шиелі аудандарының тұрғындарымен кездесу өтіп, түсіндіру жұмысы жүргізілді. Мұндай іс-шаралар Сырдария, Жалағаш, Қармақшы, Қазалы және Арал аудандарында жалғасады, — делінген хабарламада. 

Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында 1 сәуірден бастап электр энергиясын бөлшек саудада сату үшін жаңа шекті баға бекітілді.

Соңғы жаңалықтар