Қызылорда облысында биыл 14 бала терезеден құлап кетті

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда облысында  биыл 14 бала терезеден құлап кетті. Олардың барлығы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. 

Қызылорда облысында  биыл 14 бала терезеден құлап кетті
Фото: Kazinform

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері бұған қатысты 13 оқиға барысында 14 бала терезеден құлап кеткен.

«Ата-аналардан кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауды сұраймыз. Москит торы балаларды терезеден құлаудан қорғай алмайды. Ересектердің қарауынсыз балалардың балконға шығуына рұқсат бермеген жөн. Әрбір баланың өміріне ата-анасы жауапты екенін естен шығармаған жөн», - деп мәлім етті департаменттен.

Осындай оқиға Қызылорда қаласындағы Жаппасбай батыр көшесі бойындағы көп қабатты тұрғын үйдің бірінде тіркелді. Сол үйде тұратын 2022 жылғы бала төртінші қабаттан құлап кеткен. Ол түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. 

Айта кетсек, былтыр мұндай 14 оқиға тіркелген еді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда қаласында бір күнде 3 бала терезеден құлап кетті.

Соңғы жаңалықтар