Қызылорда облысында биыл тұрғындарды табиғи газбен қамту 78 пайызға жетеді
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылорда облысында тұрғындарын табиғи газбен қамту үлесі 75 пайызды құрайды.
Өткен жылы тұрғындарды табиғи газбен қамту үлесі 75 пайыз болды, 12 елді мекен табиғи газға қосылды. Биыл республикалық бюджеттен аталған мақсатта 20 жобаға 5,9 млрд теңге берілді. Одан бөлек, «Самрұқ-Қазына» акционерлік қоғамы 16 газдандыру жобасын қаржыландыруға 24 млрд теңге бөлді. Жыл соңына дейін 11 ауылдық елді мекен табиғи газға қосылады. Бұл жөнінен тұрғындарды табиғи газбен қамту үлесі 78 пайызға жетеді.
Энергетика министрлігінің 26 маусымдағы № 233 бұйрығына сәйкес, 1 шілдеден бастап сұйытылған газ бағасы өсті. Нақты йтқанда, өңірде шекті бөлшек сауда бағасы 1 литр үшін — 70, ал облыс орталығынан 200 шақырымнан астам қашықта орналасқан шалғай аудандарда — 75 теңге. Тұтынушыларға арналған баға 9% өссе, газ желісі ұйымдары үшін газ өңдеу зауытынан сатып алынатын баға 12% қымбаттады. Қазір облыс аумағындағы 210 автогаз құю бекеті арқылы 25 оператор жұмыс жасайды. Шілде айына аймаққа 6 756 тонна газ бөлінді.