Қызылорда облысында есірткі өсірген қылмыстық топтың 22 белсенді мүшесі қолға түсті
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда облысында есірткі заты марихуананың голландиялық түрін өсірумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың 22 белсенді мүшесі қолға түсті.

Бұл бағытта Қызылорда облысы прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерімен бірге арнайы іс-шара жүргізді.
«Нәтижесінде есірткі заты марихуананың голландиялық түрін өсірумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың 22 белсенді мүшесі қолға түсті. Олар қылмыстық іс-әрекетін 2022-2023 жылдар аралығында жүзеге асырған. Тергеу барысында салмағы 1,5 тоннадан астам есірткі заты алынып, 3 есірткі алқабы жойылды. Сот санкциясымен қылмыстық топтың 22 белсенді мүшесі қамауға алынды. Тергеу аяқталып, іс құжаттарымен танысу процесі жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық прокуратурасынан.
Осығандейін Қызылорда облысында қылмыстық топтан 1,5 тоннадан астам есірткі тәркіленгенін жазған едік.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада TikTok-та заңсыз ойын ұйымдастырған екеу енді көше сыпырады.