Қызылорда облысында интернет алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топ қолға түсті

алаяқтық
Фото: Kazinform

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда облысында интернет алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топ қолға түсті.

14-16 мамыр аралығында облыс аумағында «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған іс-шара жоғары технологиялар саласындағы қылмыстарды ашу және олардың алдын алуға бағытталған.

«Жедел шара барысында алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топ қолға түсті. Екі азамат қаланың 5 тұрғынының сеніміне кіріп, олардың атынан несие рәсімдеген. Тұрғындарға келтірілген шығын көлемі 5 млн теңгеден асады. Күдіктілер қамауға алынды. Қазіргі таңда олардың осы тектес басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.

Аталған іс-шараның бірінші күні 4 интернет-алаяқтық қылмысы ашылып, осы қылмыстарға қатысы бар күдіктілер ішкі істер органдарына жеткізілді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада екі жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген күдікті қолға түсті.

 

Соңғы жаңалықтар