Қызылорда облысында қарт майдангерлерге 2,5 миллион теңге беріледі

Павлодарда Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 2 млн теңгеден беріледі
Фото: Мухтор Холдорбеков / Kazinform

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда облысында Жеңіс күніне орай соғыс ардагерлеріне 2,5 миллион теңге беріледі.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне сүйенсек, өңірде екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 4 майдангер бар. Олардың арасында ең үлкені 102 жасқа толды. Осы орайда Қызылорда қаласы, Қазалы және Сырдария ауданының әкімдіктері Жеңіс күні қарсаңында төлемдерді аудару бойынша жұмыстарды ұйымдастыруда.Ардагерлер 2,5 миллион теңге мөлшерінде біржолғы төлем алады.

«Сондай-ақ, Қызылорда облысында 2040-тан астам тыл еңбеккері бар. Олардың біреуі «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан жауынгерлердің 7 жесірі, соғыс кезінде жараланған, контузия алып, мертіккен немесе ауру салдарынан қаза тапқан мүгедек жұбайы не зайыбы бар 4 адам тұрады. Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және соғыс кезінде алған жарақат салдарынан мүгедектігі бар адамдарға теңестірілгендер саны 1894 адамды құрайды», - деп мәлім етті облыс әкімдігінен.

Аймақта осы санаттағы 3964 адам тұрады. Олардың барлығы 147 680 теңгеден алады. Ал «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған тыл еңбеккеріне 221 520 теңге төленбек. Ардагерлер сәуір айында төлем ала бастады.

Еске салсақ, биыл елімізде 7 және 9 мамырға арналған әскери шеру өткізілмейді.

Соңғы жаңалықтар