Қызылорда облысында қоғам белсендісіне қылмыстық іс қозғалды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тұрғыны Сандуғаш Тұрлыбекова ұсталды. 

сандуғаш тұрлыбекова
Фото: Facebook/Нұрсұлтан Байменов

Әлеуметтік желіде қоғам белсендісі, көпбалалы ана Сандуғаш Тұрлыбекованы полиция ұстап әкетіп бара жатқаны бейнеленген фото тарады.

Осыған орай Қызылорда облысы полиция департаменті мәлімдеме жасады.

«Аталған дерек бойынша Қызылорда облысының полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр» деп қысқа қайырды ведомстводан. 

Өзге ақпарат тергеу құпиялығына байланысты жарияланбайды. 

Соңғы жаңалықтар