Қызылорда облысында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады

АСТАНА. KAZINFORM – Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қызылорда облысында республикалық маңызы бар автожолдың бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

метель, боран, снег, закрыта дорога, автомобиль, көлік, қар, жол жабық
Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

- 2026 жылғы 2 ақпан күні сағат 22:00-ден бастап «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1474-1806 шақырым аралығындағы учаскесінде, атап айтқанда Әйтеке би кенті – Қызылорда қаласы бағытында көліктің барлық түрінің қозғалысы уақытша тоқтатылады, - делінген ҚазАвтоЖол ақпаратында.

Жолды 2026 жылғы 3 ақпан сағат 08:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін ақпанның алғашқы күндері ауа райы қандай болатынын хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар