Қызылорда облысында мемлекеттен қаржы алған шығармашылық үйірмелер тексеріліп жатыр

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда облысында балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерге мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша зерделеу жұмыстарында бірқатар кемшіліктер анықталды.

салық
Фото: Kazinform

«Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының хабарлауынша, зерделеу барысында өнім берушілердің сабақ кестесіне сәйкес болмауы, бейнебақылау, өрт қауіпсіздігі жүйесінің орнатылмауы секілді кемшіліктерге жол бергені анықталды. Сондай-ақ сабақ өтетін орындарға қойылатын талаптар орындалмаған. Құрал-жабдықтар толық емес, мекенжайдан көшіп кеткендігі сынды келеңсіздктер бар. Бейнебақылауды қарап көру барысында балалардың толық немесе мүлде болмауы жағдайы кездескен. Бұл бойынша 28 тамыз және 4 қыркүйек аралығында шығармашылық бағытта 23 өнім берушінің жұмысы зерделенді. Анықталған кемшіліктер бойынша құқық қорғау органдарына хат жолданды. Өнім берушімен жария офертаға сәйкес келісім-шарт біржақты бұзылатын болады», - деп мәлім етті облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасынан.

Еске салсақ, бұдан Қызылорда облысында азаматтардың 35 млн теңгесін алдап алғандар ұсталды.

 

Соңғы жаңалықтар