Қызылорда облысында оқушылар мен студенттерге сабақ онлайн өткізіледі

Қызылорда облысында ауа райының қолайсыздығынан мектеп оқушылары мен колледждердің 1,2 курс студенттері сабақты онлайн өтетін болды, деп хабарлайды Kazinform.

қашықтан оқыту
Фото: Freepik

Синоптиктердің болжамы бойынша, 13-15 желтоқсан аралығында Қызылорда облысында секундына 18-21 метр жылдамдықпен екпінді жел соғады. Ал, ауаның температурасы түнде -18-23 градусты көрсетеді. Ол облыстың солтүстігінде -26 градус аязды көрсетсе, күндіз -10-15 0С аяз күтіледі.

«Осыған байланысты облыстың барлық ауданы мен Қызылорда қаласындағы мектептердің (мемлекеттік, жекеменшік) 0-11 сынып оқушылары, барлық колледждің (мемлекеттік, жекеменшік) 1, 2 курс студенттері 13-15 желтоқсан аралығында күнгі қашықтықтан оқыту форматында өтеді. Білім беру мекемелерінің басшыларына тиісті тапсырмалар берілді. Пән мұғалімдері күнделікті жұмыс орындарында онлайн сабақ өтетін болады», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық білім басқармасынан.

Еске салсақ, бұдан бұрын 12 желтоқсанда Қызылорда облысының оқушылары қашықтан білім алды.

Соңғы жаңалықтар