Қызылорда облысында республикалық маңызы бар автожол учаскелері уақытша жабылады

АСТАНА. KAZINFORM – Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қызылорда облысы аумағында республикалық маңызы бар автожолдың бірқатар учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

закрыта дорога, метель, гололед, боран, жол жабық, көк тайғақ
Фото: Әскербек Қаракөз / Kazinform

22 желтоқсан күні сағат 22:00-ден бастап «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1362-1646 шақырым аралығы, яғни Арал қаласынан Жосалы ауылына дейінгі учаскеде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылады.

Аталған жолды 23 желтоқсан сағат 07:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар 2025 жылғы 23 желтоқсан сағат 00:00-ден бастап осы автожолдың 1646-1806 шақырым аралығында, Жосалы ауылынан Қызылорда қаласына дейінгі бөлігінде де көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Бұл учаскені де 23 желтоқсан сағат 07:00-де ашу көзделген.

- Жүргізушілерден жолға шығар алдында ауа райы жағдайын ескеріп, қозғалыс шектеулері туралы жедел ақпаратты қадағалауды сұраймыз, - деп ескертті ҚазАвтоЖолдан.

Айта кетейік, боран мен көктайғаққа байланысты Қазақстанның барлық өңіріне ескерту жарияланды.

Соңғы жаңалықтар