23:10, 09 Сәуір 2024 | GMT +6
Қызылорда облысында іздеу жарияланған серіктестіктің бұрынғы төрағасы қолға түсті
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда облысында сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу дерегі бойынша айып тағылған серіктестіктің бұрынғы төрағасы қолға түсті.
Қызылорда облыстық Полиция департаменті бұдан бұрын «Мади-Қажы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бұрынғы директоры Сейіткамал Абзалұлы Сұлтановқа іздеу жариялаған болатын.
Онда ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен «сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» дерегі бойынша айып тағылғаны айтылған.
«Күдікті Қызылорда ҚПБ-ның уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды. Қазіргі уақытта тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.