Қызылорда облысында жарық өшіп қалды
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда облысында жарық өшіп қалуына байланысты облыс әкімдігі түсініктеме берді.
Оқиға 12 мамырда сағат 23.00 шамасында болды. Облыс орталығы мен бірқатар аудандарда жарық сөніп қалды.
Бұл жөнінде облыс әкімдігі түсініктеме берді.
«KEGOC» АҚ-ның Шымкент қаласындағы 220 кВ желісінде апат тіркелді. Сол себепті, Қызылорда облысында (Арал,Қазалы аудандарынан басқа) электр жарығы өшті. Қазіргі таңда апат себептері анықталуда. Желідегі ақау жөнделгенше, сабыр сақтауды сұраймыз», - деп жазылған хабарламада.
Қазір электр жарығы қалпына келтіріліп, тұрғындарға электр қуаты беріле бастады.