Қызылорда облысында жасөспірімдердің жаппай төбелесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда облысында жасөспірімдер арасындағы жаппай төбелеске қатысты қылмыстық іс қозғалды.

полиция
Фото: Polisia.kz

Бұл жөнінде әлеуметтік желіде бейнежазба жарияланды. Онда оқиғаның Арал ауданына қарасты Жақсықылыш кентінде болғаны айтылған.

Бейнежазбада көше бойында жасөспірімдердің жаппай төбелесі көзге көрінеді. 

Оқиғаның болғанын Арал аудандық полиция бөлімі растап, төмендегіше түсініктеме берді. 

- Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері жүргізген іс-шара барысында жанжалға қатысушыларды анықталуда. Қылмыстық іс негізінде құқықтық баға берілетін болады, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетсек, былтыр мамыр айында Қызылорда қаласында жастар арасында жаппай төбелес болды.