Қызылорда облысында жол апатынан бір адам қайтыс болды

Қызылорда
Фото: ortalyq.kz

Қызылорда облысында автокөлік басқару жүйесіне ие бола алмаған жүргізуші жол-көлік оқиғасын жасап, салдарынан бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Kazinform. 

Оқиға 4 қаңтарда, сағат 16:00 шамасында Сырдария ауданына қарасты Шіркейлі ауылының тұсында болған. Облыс тұрғыны автокөліктің басқару жүйесіне ие бола алмай жол-көлік оқиғасын жасаған. Салдарынан 1 жолаушы қайтыс болды.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды. Онда көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет жағдайы көрсетілген. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Жолда қауіпсіздік шаралары сақтауды ескертеміз», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында газ құбырын ұрлаған екі адам ұсталды.

https://kaz.inform.kz/news/kizilorda-oblisinda-gaz-kubirin-urlagan-ek-adam-ustaldi-1db844/

Соңғы жаңалықтар