Қызылорда тұрғыны ауылдасының жинап қойған шөбін өртеп жіберген

Қызылорда облысында ауылдасының мың бума жоңышқасын өртеп жіберген тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Қызылорда
Фото: Қызылорда облыстық полиция департаменті

Жалағаш аудандық полиция бөліміне Темірбек Жүргенов ауылының тұрғынынан арыз түсті. Онда мал қорада тұрған мың бума жоңышқа шөбін белгісіз біреудің өртеп жібергені туралы айтылған. 

Қызылорда
Фото: Қызылорда облыстық полиция департаменті

«Ауыл тұрғынына келтірілген шығын көлемі – 1 млн теңге. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ретінде сол ауылдың 29 жастағы тұрғыны ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабының 2-бөлігімен тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада скутер тізгіндеген жасөспірім жол апатына ұшырады.