Қызылорда тұрғынын пышақтаған жасөспірім ұсталды
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда облысының Шиелі ауданында пышақ жарақатын алған тұрғын полиция көмегіне жүгінді.
Бұл жағдайға байланысты бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
— Күдікті ретінде кәмелетке толмаған ұсталып, сот санкциясымен үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Кәмелетке толмағанның заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады. Бұған қоса, қосымша шаралар қабылдау және осындай мінез-құлыққа ықпал ететін себептерді жою үшін әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға ұсыныс берілді, — деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрсұлтан Әлтай.
Қылмыстық істің тергелу барысын департамент басшылығы бақылауға алды.
Еске салайық, жуырда Ақтөбеде ауылдасын пышақтап өлтірді деп айыпталған студент сотталды.