Қызылорда жұртшылығы су тасқыны болған өңірлерге көмек қолын созды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда облысының тұрғындары еліміздің су тасқыны болған аймақтарына гуманитарлық және қаржылай көмек көрсетіп келеді.

Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Қазірге дейін Ақтөбе қаласы мен аталған облыстың Қобда ауданына 25 жүк көлігімен 83 млн теңгенің 112 тонна гуманитарлық көмегі, 50 млн теңге болатын 20 тонна жем-шөп жеткізілген еді. 

Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Қазір Қостанай, Ақтөбе облыстарында 66 қызылордалық құтқарушы әріптестеріне кәсіби көмек көрсетіп жатыр. Сыр өңірінен апарған арнайы техникалар, қайықтар, мотопомпалар да құтқарушылардың жұмысын жеңілдетті. Атырау облысына қажетті 50 мың дана қап жеткізілді. 

Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Осы игі істердің жалғасы ретінде, бүгін «Торғай Петролеум» акционерлік қоғамы Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарына 50 млн теңгенің 120 тонна қайырымдылық көмегін жіберіп жатыр. 

Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Қиындықта қалған аймақтардың тұрғындарына жәрдемдесу ниетін танытқан азаматтар «Жастар орталықтары», сауда үйлері мен базарларда ашылған пункттерге әлі де келуде.