14:10, 27 Наурыз 2024 | GMT +5
Қызылордада 14 жастағы қыз бір күннен бері табылмай жатыр
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда қаласында жоғалып кеткен 14 жастағы қыз бала іздестіріліп жатыр.

«Осыған байланысты Қызылорда қаласы Полиция басқармасы іздеу салады. Ерекше белгілері: бойы: 1,70 см орта денелі, көзі қара түсті, шашы қоңыр түсті. Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8 (7242)-29-75-20 немесе 102 арнасына қоңырау соғуды сұраймыз», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.
Еске салсақ, бұдан бұрын 28 жастағы азаматтың табылмай жатқанын хабарлаған едік.