Қызылордада 18 жастағы қыз екі күннен бері табылмай жатыр

Қызылорда қаласында 18 жастағы қыз үйінен белгісіз бағытқа шығып, екі күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Kazinform.

полиция
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Қызылорда қаласында тұратын 18 жастағы Айтөреева Дариға Рауанқызы 17 желтоқсанда үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері үйіне оралмаған.

жоғалды
Фото: Қызылорда қалалық полиция басқармасы

«Осыған байланысты Қызылорда қаласы Полиция басқармасы іздеу салады. Ерекше белгілері: бойы: 1,50 - 1,55 см, орта денелі, көзі қоңыр түсті, шашы қара түсті. Киімдері: қоңыр түсті күртеше, қара түсті шалбар, аяғына қоңыр түсті аяқ киім киген. Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8(7242)-29-75-20 немесе 102 арнасына қоңырау соғуызды сұраймыз», - деп жазылған Қызылорда қалалық полиция басқармасы таратқан хабарламада.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада полиция қызметкері көпірден секірмекші болған әйелді құтқарып қалды.

Соңғы жаңалықтар