Қызылордада 200-ден астам баланың беймезгіл уақытта үйден жырақта жүргені анықталды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылордада «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы басталған 4 күн ішінде 264 әкімшілік хаттама рәсімделді. 

 Қызылордада 200-ден астам баланың беймезгіл уақытта үйден жырақта жүргені анықталды
Фото: Polisia.kz

Облыстық полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, 4 жасөспірім ішкі істер органдарының есебіне алынды. Қадағалаусыз және панасыз қалған 2 жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жатқызылды.

— Балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 30 ата-анаға хаттама толтырылды. Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол берген 6, 21 жасқа толмағандарға темекі немесе темекі бұйымдарын сатқан 1 құқық бұзу анықталды. Кәмелетке толмағандар тарапынан 7 бұзақылық дерегі тіркеліп, олардың заңды өкілдеріне хаттама толтырылды, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар 211 баланың түнгі уақытта заңды өкілдерін ертпей ойын-сауық мекемелерінде, үйінен тыс орындарда жүргені белгілі болды. Бала күтіміне, оқуы мен тәрбиесіне салғырт қараған 10 ата-ана профилактикалық есепке алынды.

Айта кетейік, «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы 6 мамырға дейін жалғасады. Ондағы мақсат — кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу, балалардың құқығын қорғау.

Өткен жылы Атырау облысында 7 207 жасөспірімнің әкімшілік және қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны анықталды.

Соңғы жаңалықтар