Қызылордада 22 рет жол ережесін бұзған жүргізушіге 886 мың теңге айыппұл салынды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылордада жылдамдық режимін 22 мәрте бұзған тұрғын 886 мың теңге айыппұл төлейтін болды. 

Қызылордада 22 рет жол ережесін бұзған жүргізушіге 886 мың теңге айыппұл салынды
Фото: Kazinform

Биылғы жылдың шілде айынан бастап Қызылорда қаласында «Қорғау» жол қозғалысын бақылау жүйесі іске қосылды.

«Аталған жүйенің мүмкіндігімен 9 қыркүйекте қала аумағында «Арқан» және «Сергек» стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғыларына жылдамдық режимін 22 және 7 мәрте бұзған көлік жүргізушілері анықталды. Олардың бірі 886, екіншісі 332 мың айыппұл төлеуден жалтарып жүрген. Аталған құқық бұзушылықтар бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, автокөліктер айып алаңына қойылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында 8 адамды бопсалаған блогердің бас бостандығы шектелді.

Соңғы жаңалықтар