Қызылордада 7 мың адам тегін берілетін дәрілік заттармен қамтамасыз етілмеген

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда облысында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде 7 мыңнан астам адамның дәрілік заттармен қамтамасыз етілмегені анықталды.

Онкологиялық науқастар дәрі-дәрмексіз қалмайды – министрлік
Фото: freepik

Қызылорда облысының прокуратура органдары дәрілік заттар айналымы саласындағы заңнаманың сақталуына тексеріс жүргізді. Нәтижесінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде облыстың 7 мыңнан астам тұрғынының дәрілік заттармен қамтамасыз етілмегені анықталды.

«Қызылорда қаласының емханаларында балалардың жас шамасы ескерілмей, 1 мыңнан астам кәмелетке толмағанға негізсіз дәрі-дәрмек тағайындалған. Медициналық көрсетімсіз 170 науқас инсулин препараттарымен қамтамасыз етілген. Одан бөлек 68 дана медициналық препараттың сақтау талаптары бұзылып, 2 науқасқа жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттар тағайындалған. Өңірдің 14 медицина ұйымында заңсыз фармацевтикалық қызметпен 19 жұмыскер айналысқан. Анықталған заңдылықты бұзулар бойынша уәкілетті органға прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, қарау нәтижесімен 93 тұлға жауаптылыққа тартылған», - деп мәлім етті облыстық прокуратурадан.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада тұрғын үй кезегінен негізсіз шығарылған мүгедек жанның құқығы қорғалды.

Соңғы жаңалықтар