Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қызылордада абаттандыру қағидаларын бұзған 7 мыңнан астам адам жазаланды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қызылордалық тәртіп сақшылары қала әкімдігі және «Қызылорда тазалығы» мекемесінің қызметкерлерімен рейдке шықты.

Қызылордада абаттандыру қағидаларын бұзған 7 мыңнан астам адам жазаланды
Фото: Қызылорда әкімдігі

Тексеру барысында кейбір кәсіпкерлік нысандарында абаттандыру және тазалық талаптарының сақталмағаны анықталды. Осыған байланысты учаскелік полиция инспекторлары түсіндіру жұмысын жүргізіп, ескерту берді.

— Биылғы 7 айда абаттандыру қағидаларын бұзудың 9 мыңнан астам, ортақ пайдаланылатын орындарды ластау бойынша 1 932 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін 7 163 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 20 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталып, олар бойынша тиісті шаралар қабылданды, — делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Ал жуырда Атырау облысында үйі мен ғимаратының айналасын талапқа сай күтіп ұстамаған 419 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.