Қызылордада адамдарға пышақ жарақатын салған күдікті ұсталды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда қаласында топтық төбелесте үш адамға пышақ жарақатын салған күдікті ұсталды. Бұл оқиғаның болғанын облыстық полиция департаменті растады.

пышақтады
Фото: Freepik

«Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бойынша тергеу жүргізілуде, сараптамалар тағайындалған. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», — деп атап өтті департаменттен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада есірткі сатпақ болған бұрынғы мұғалім ұсталды.

Сондай-ақ, Қызылордада каналдан белгісіз жағдайда қаза тапқан 50 жастағы адамның мәйіті шығарылды.

Соңғы жаңалықтар