Қызылордада әкімдік жөнделіп қойған көшелерді қайтадан жөндеуге 1,7 млрд теңге бөлген

Қызылорда қалалық прокуратурасы 1,7 млрд теңге қаржының негізсіз жұмсалуына жол бермеді, деп хабарлайды Kazinform.

деньги
Фото: Kazinform

Қызылорда қаласының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу саласында заңдылықтың сақталуына талдау жүргізді.

Нәтижесінде бұрын орташа жөндеу жүргізілген көшелерге қаражат бөлінгені белгілі болды.

Қалалық прокуратураның араласуынан кейін мемлекеттік сатып алудың күші жойылып, 1,7 млрд теңге бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді.

«Қызылорда қаласына қарасты Қызылжарма ауыл округіндегі Батырбаев көшесіне 2020 жылы 49 млн теңгеге орташа жөндеу жұмысы жүргізілген. Тиісті заңа сәйкес автокөлік жолына күрделі жөндеу аралық мерзімі — 6-9 жыл. Аталған талаптарға қарамастан Қызылжарма ауыл округінің әкімдігі биыл Батырбаев көшесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 653,9 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу жариялаған. Осыған ұқсас заңбұзушылықтар Әбенов, Досхожин және Сексенбаев көшелеріне күрделі жөндеуге 1 млрд теңге қаражат бөлу кезінде анықталды», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық прокуратурасынан.

Ведомство мәліметінше, қабылданған шаралардың нәтижесінде жалпы сомасы 1,7 млрд теңгені құрайтын 4 сатып алу конкурсының күші жойылған.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында білім саласының лауазымды тұлғалары 200 млн теңге жымқырғаны анықталған еді. 

Соңғы жаңалықтар