Қызылордада аса ірі көлемде алаяқтық жасап, қашып кеткен адам қолға түсті

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылорда облысында аса ірі көлемде алаяқтық жасап, тергеуден бой тасалап жүрген адам қолға түсті.

Алматы облысында екі баласы мен әйелді өлтірген адам өмір бойына сотталды
Фото: pexels.com

Бұл азамат ірі компаниядан алаяқтық жолмен 33 миллион теңге көлемінде ақшаны заңсыз алған. Қызылорда қаласының тұрғыны одан кейін тергеуден бой тасалап жүрген. 

Облыстық Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігімен (аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) қылмыстық іс қозғалған. «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы барысында күдікті Атырау қаласында қолға түсті. Күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Жедел уәкілдер іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде 37 жастағы күдіктіні облыс орталығында ұстады.

Қылмыскерлерді іздеу тек ел аумағымен шектелмейді. Іздестіру жұмыстары басқа мемлекеттерде де жүзеге асырылады.

Ведомство мәліметінше, жыл басына бері қызылордалық полицейлер іздеуде жүрген 36 қылмыскерді құрықтап, хабар-ошарсыз кеткен 24 азаматты тапты. 

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада кәсіпкерлерге 70 млн теңге шығын келтірген 2 адам сотталды.

 

Соңғы жаңалықтар