Қызылордада аса ірі мөлшерде есірткі сақтаған тұрғын ұсталды

есірткі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Есірткіні сату үшін аса ірі мөлшерде заңсыз сақтаған Қызылорда қаласының 34 жастағы тұрғыны ұсталды.

Бұл бағытта Қызылорда облысы полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді.

«Нәтижесінде Қызылорда қаласының 34 жастағы тұрғыны есірткі затын сату үшін аса ірі мөлшерде заңсыз сақтағаны белгілі болды. Сараптама қорытындысымен тәркіленген заттың салмағы 261 гр. болды және ол «a-PVP» психотроптық заттарға жататыны анықталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды, тергеу жалғасуда. Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар жария етілмейді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында жергілікті тұрғыннан аса ірі мөлшерде есірткі табылды.

 

Соңғы жаңалықтар