Қызылордада бес күнде отбасы жанжалына байланысты 4 қылмыстық іс тіркелді

қылмыс
Фото: Polisia.kz

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда қаласында 1-6 шілде аралығында отбасы жанжалына байланысты 4 қылмыстық іс тіркелді.

Облыс орталығында шілде айының 1-6 аралығында Қызылорда қалалық полиция басқармасының 102 арнасына 59 отбасы жанжалына байланысты хабарлама келіп түскен.

«Аталған хабарламалар бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының талабына сәйкес 55 құқық бұзушыға әкімшілік шара қолдану үшін сотқа жолданды. Сондай-ақ ҚР Қылмыстық кодексінің 108-1 бабымен (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру дерегі)– 2, 109-1 бабымен (ұрып-соғу дерегі бойынша) – 2 қылмыстық іс тіркелді. Олар бойынша сотқа дейінгі-тергеп тексеру жұмыстары жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық Полиция басқармасынан.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада жеңіл көлік пен автобус соқтығысып, бір адам қаза болғанын жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар