Қызылордада биыл үйінен кеткен 22 жасөспірім аман табылған
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Биыл Қызылорда қаласында полицейлер жоғалған 22 жасөспірімді іздеп тапты.
Жыл басынан бері басқарманың 102 арнасына үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған жасөспірімдерге байланысты 22 хабарлама тіркелген.
Бұл бойынша 23:00-ден кейін қоғамдық орында жүрген 9 жасөспірімнің заңды өкілдеріне Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 442-бабы 2-бөлігімен әкімшілік шара қолданылды.
Ал 6 жасөспірімге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, қалған 16-на қатысты құжаттар жинақталып, номенклатуралық іске жолданды.
«Бірнеше мәрте белгісіз бағытқа кетіп қалу дерегін қайта қайталап жасағаны үшін 1 жасөспірім есепке алынды. Қазіргі таңда ол девиантты мінез-құлық балаларға арналған мектеп-интернатына жатқызылды. Одан бөлек ата-анасына қатысты әкімшілік шара көрілді», — дейді Қызылорда қалалық полиция басқармасының бастығы Айдар Қасанов.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада адамдарға пышақ жарақатын салған күдікті ұсталған еді.