Қызылордада бір күнде екі науқасқа бүйрек трансплантация жасалды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханада бір күнде екі науқасқа бүйрек трансплантация жасалды.

бүйрек трансплантация
Фото: Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасы

1986жылы дүнеге келген алғашқы науқас 2016 жылдан бері гломерулонефритпен «Д» есепте тұрады. Науқас Оңтүстік Кореяда бірнеше мәрте ем алған. Дегенімен бүйрек жетіспеушілігі дамып, өткен жылдан бері диализ қабылдаған. Оған туған ағасы донор болып, бүйрек трансплантациясы жасалды. 

Екінші трансплатация 1998 жылы туған науқасқа жасалды. 2022 жылдан бері созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен «Д» есепте тұратын ол сол уақыттан бері диализ қабылдайды. Науқасқа апасы донор болып бүйрек трансплантациясы жасалды.

«Күрделі ота А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының білікті мамандарымен бірге жасалды. Олардың жағдайы орташа ауырлықта, тиесілі емін қабылдап жатыр», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасынан.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада дәрігерлер жаңа туған нәрестеге күрделі ота жасады.

Соңғы жаңалықтар