Қызылордада бірнеше күн бұрын жоғалған 65 жастағы ер адамның мәйіті табылды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Бүгін, 2026 жылғы 4 қарашада Қызылорда аумағынан бірнеше күн бұрын хабар-ошарсыз кеткен қала тұрғынының мәйіті табылды.

полиция
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

65 жастағы Ғани Көшербаев 29 қазан күні үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, оралмаған. 

— Тұрғынды іздеп табу мақсатында кешенді жедел іздестіру жұмысы барлық күш құралдарын жұмылдыра отырып жүргізілді. Іздестіру нәтижесінде жоғалған ер азаматтың мәйіті қала аумағынан табылды, — деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, сот сараптамасының қорытындысы бойынша мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.

Бұған дейін Қостанай облысында 86 жастағы ер адамның мәйіті табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.