13:41, 19 Мамыр 2025 | GMT +5
Қызылордада бухгалтер жалақыға көзделген 50 млн теңгені өзінің есепшотына аударып алған
АСТАНА. KAZINFORM - «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының бас есепшісі іссапар мен жалақыға көзделген 50 млн теңге бюджет қаражатын өзінің жеке есепшотына заңсыз аударып алғаны анықталды.

Қызылорда облысы прокуратурасы ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, іс сотқа дейін жеткізілгенін хабарлады.
Аталған факт бойынша сот есепшіге қатысты үкім шығарып, 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енбеген.
Айта кетейік, Алматы облысында білім бөлімінің басшысы мен 7 бухгалтер сотталды.