Қызылордада ДДҰ-ның Арал теңізі мәселелері жөніндегі өңірлік кеңсесі ашылады

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылорда облысында ДДҰ-ның Арал теңізі мәселелері жөніндегі өңірлік кеңсесі ашылады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қызылордада ДДҰ-ның Арал теңізі мәселелері жөніндегі өңірлік офисі ашылады
Фото: Денсаулық сақтау министрлігінен

Мұндай шешім Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, БҰҰ өкілдерінің, сондай-ақ Қазақстан, Өзбекстан және Қарақалпақстан басшыларының қатысуымен өткен кеңестің қорытындысы бойынша қабылданды.

Қатысушылар экологиялық өзгерістердің ауқымын және олардың адам денсаулығына, климатқа және биоәртүрлілікке әсерін талқылады. 

Кездесу қорытындысы бойынша маңызды шешімдер қабылданды.

Атап айтқанда:

– Қызылордада ДДҰ-ның Арал теңізі мәселелері жөніндегі өңірлік офисін ашу;

– мемлекетаралық деңгейдегі іс-қимылдардың жол картасын дайындау және бекіту;

– 2026 жылы ДДҰ сәуір саммитіне Арал бойынша Қарар шығару.

Қызылордада ДДҰ-ның Арал теңізі мәселелері жөніндегі өңірлік офисі ашылады
Фото: Денсаулық сақтау министрлігінен

Арал теңізі проблемасы ХХ ғасырдағы ең ірі экологиялық дағдарыстардың бірі ретінде танылды, оның салдарын Арал маңындағы тұрғындар сезініп отыр. Ондаған жылдар бойы өңір шөлейттенуге, топырақтың деградациясына, улы шаңның таралуына және халықтың денсаулығына тікелей әсер ететін басқа да қиындықтарға тап болды. 

Сонымен қатар кейінгі жылдары жағдайды тұрақтандыру бойынша маңызды қадамдар жасалды. Бірлескен күш-жігердің арқасында теңіздің солтүстік бөлігінің кебуін тоқтатуға мүмкіндік туды, кеуіп қалған аумақтарды ауқымды көгалдандыру жүргізілуде, сондай-ақ апаттың теріс әсерін азайту жөніндегі жобалар іске асырылып жатыр. 

Мемлекеттік органдар мен халықаралық әріптестердің үйлесімді жұмысының арқасында бүгінде оң динамика байқалады. Мемлекет басшысының қолдауы және өңір әкімінің жеке қатысуы ондаған жылдар бойы жинақталған проблемалардың шешімін табатынына сенімділікті нығайтады. 

Бұған дейін Солтүстік Аралдың көлемін ұлғайту бойынша белгіленген көрсеткіштер мерзімінен бұрын орындалып жатқанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар