Қызылордада Елай қызметтік иті бір жылда есірткіге қатысты 72 қылмысты анықтады

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда облысында Елай қызметтік иттің көмегім қызметтік-іздестіру иттерін пайдалану арқылы есірткінің заңсыз айналымына қатысты құқық бұзушылық деректері анықталып, жалпы салмағы 27 келі болатын есірткі заттары алынды.

есірткі
Фото: Қызылорда облысының полиция департаменті

Облыстық полиция бөлімшелерінде 20 қызметтік-іздестіру иті бар. Оның 12-і - облыстық полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығында ұсталса, 7-і есірткі заттарын іздестіру жұмыстарына оқытылған. Олардың ішінде бельгиялық овчарка Елай қызметтік итінің көмегімен бір жылда 72 қылмыс ашылды.

- «Шымкент-Самара» тас жолының Жаңақорған ауданының тұсында Қызылорда облысы ПД Кинологиялық қызмет орталығының инспектор-кинологі Азамат Пазылов күдік тұдырған автокөлікті тоқтатты. Тексеру барысында өзіне бекітілген Елай қызметтік-іздестіру итінің көмегімен автокөліктің жүк салғышынан жол сөмкесіне салынған 5 полиэтилен пакетке оралған есірткі заттары анықталды. Зерттеу қорытындысына сәйкес, ол марихуана екені белгілі болды. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру әрекеттері жүргізілуде, - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада пиротехникалық өнімдерге қатысты 12 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

 

Соңғы жаңалықтар