Қызылордада есірткіге қатысты 67 дерек қызметтік иттердің көмегімен анықталды
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда облыстық полиция департаменті республика көлемінде 5 айға жалғасқан «Қарасора-2026» арнайы жедел профилактикалық іс-шарасының қорытындысын жариялады.
Іс-шара барысында есірткіге қатысты 195 құқықбұзушылық анықталды.
— Оның ішінде 64 дерек есірткі өсіруге, 12 дерек есірткі өткізуге, 6 дерек аса ірі мөлшерде есірткі сақтауға қатысты. Сондай-ақ есірткіні тұтынуға көндірудің 1 дерегі және есірткіге байланысты 112 қылмыстық теріс қылық тіркелді. Заңсыз айналымнан жалпы салмағы 727 келіге жуық есірткі заты тәркіленді. Оның 712 келіге жуығы — сора өсімдігі, 13 келіден астамы — марихуана, — делінген департамент хабарламасында.
Бұдан бөлек, мобильді бекеттерде қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен есірткіге қатысты 67 құқықбұзушылық анықталды.
Еске салайық, Жыл басынан бері Астанада есірткі жарнамасы бар 200-ден астам жазу анықталып, осы деректер бойынша алты қылмыстық іс қозғалды.